Ақмола облысы «қызыл» аймаққа енді

Ақмола облысымен Өскемен қаласының эпиджағдайы өзгерді.

Екеуі де «қызыл» аймаққа енді. Жалпы өңірлердегі жағдай мынадай: қызыл аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен қалаларымен қоса Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта Алматы облысы, Жамбыл, Қызылорда , Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары. Ал жасыл аймақта – Түркістан мен Қостанай өңірлері.