Вируспен күресу үшін бюджеттен тағы да қомақты қаражат бөлінеді

Үкімет қауіпті індетке қарсы шараларды жүзеге асыру үшін қазынадан 265 млрд теңге алғалы жатыр.

Оның 70 миилиарды – дәрігерлерге қосымша ақы ретінде төленбек. Қалған қаржы қайда жұмсалады?

Төртінші тоқсан басталғалы бері 3 мың 700-ден аса оқушы, оның ішінде дәстүрлі форматта білім алып жатқан 1093, онлайн режимде оқитын 2 мың 613 бала ковидке шалдыққан. Әсіресе Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында ахуал күрделене түсті. «Қызыл» аймақта тұрған өңірлерде оқуды офлайн өткізуге болмайды.

Жалпы алғанда елде эпидемиологиялық ахуал жақсарып келеді. Жалпы осы індетпен күреске елде тағы 265 млрд теңге бөлінеді. Оның 70 млрд теңгесі қосымша ақы ретінде ақ халаттыларға беріледі. Ал тағы 80 млрд теңгесі медициналық бұйымдарға жұмсалады. Атап өтейін, осы ретте Премьер-министр халықты вакцинамен қамтуды жылдамдату керек деді.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Халықты әсіресе қамтылуы төмен өңірлерде вакцинациямен қамтуды кеңейту қажет. Сәуір айының соңына дейін және ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамту жөніндегі жоспарды нақты орындау керек. Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер сапалы мед көмекті көрсетілген медицина ұйымдарын қажетті дәрілік заттармен және мед бұйымдармен қамтуды үнемі монитрингтеп тұрсын.

Осы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа байланысты болжамын айтты. Оптимистік сценарий бойынша қарайтын болсақ, егер вакциналау кесте бойынша жалғаса берсе, онда тәулігіне 3 мыңға дейін адам вирус жұқтыруы мүмкін. Осылайша вирустың таралуы сәуір айының соңында ең жоғары деңгейге жетпек. Ал екпе салу ісі баяу жүрсе, онда тәулігіне 4 мыңдай адам ауыруы мүмкін. Ол кезде короновирустың шарықтау шегі мамыр айының ортасына барады деп ойлаймыз деді ведомство басшысы. Үкімет отырысында қаралған тағы бір мәселе жол. 2025 жылға дейін жергілікті маңызы бар 27 мың шақырым жол салынып, жөнделеді. Бұдан бөлек ауылдарда...

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Ауылдарда 24 млн шаршы метр үй пайдалануға беріледі. АӨК саласына 845 жоба іске асырылып, 500 мың жұмыс орны құрылады. 350 мың фермер мен үй қожалықтары артылады. Ауыл тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады. 5 жыл ішінде 800 млрд теңге бөлінеді. Жол, әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым жақсартылады.

Биыл жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,1 процент деңгейінде болмақ. Мұнай бағасының бір баррелі 50 доллар деңгейінде, ұлттық валюта бір долларға шаққанда 425 теңге шамасында болады деген болжам бар.

Қорған Қонысбайұлы