Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды

Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды

Маңғыстауда қызыл кітапқа енген 150 келі балық тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Маңғыстау облысында «Бекіре-2021» жедел алдын алу шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды. 

Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында полиция қызметкерлері «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлермен жүксалғыштан жалпы салмағы 148 килограмнан асатын бекіре тұқымдас балықтар табылып, тәркіленді.

Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағанды облысында 350 келі балық аулаған ер адам ұсталды