«Бизнес бастау» жобасына қатысқысы келген қызылордалықтар дүрбелең туғызды (видео)

Қызылордада «Бизнес бастау» жобасына қатысу үшін келгендер Халықты жұмыспен қамту орталығының алдында дүрбелең туғызды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сыр өңірінде де осы жобаға қатысу үшін өтішін беру басталғанын мәлімдеген. Бірақ тізімге ілігушілер саны шектеулі. Есесіне Қызылордада өз кәсібін бастау үшін 583 мың теңге алуға келгендер саны тым көп болып, салдарынан дүрбелең болған. Оны әлеуметтік желідегі видеолардан да көруге болады.