«АрселорМиттал Теміртау» ауа тазарту жүйесін енгізу тұжырымдамасын ұсынды

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынның вице-президенті 2024 жылға дейін ауаға тарайтын зиянды қалдықтар көлемін 30 процентке азайтамыз дейді.

Компания Экология министрлігіне тазарту жүйесін өндіріске кезең-кезеңімен енгізу тұжырымдамасын ұсынды. Алайда экологтар қоғамдық бақылау болып, егжей-тегжей зерттеу керек дейді. Себебі компания алғашқы алты айда 300 мың тоннадан аса зиянды қалдық шығарған. Кәсіпорын соңғы 3 жылда экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 4 миллиард теңгеден астам айыппұл төледі.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Бұл компанияда зиянды қалдықтарды шығаруға рұқсат алу шарты болады. Егер кәсіпорын атмосфераға зиянды заттарды заңсыз шығарса, онда ол жұмысын тоқтатады. Жаңа экологиялық кодексте біз қолжетімді технологиялар механизмін енгіземіз. Егер компания озық қолжетімді технологияға ауысуға міндеттеме алса, бұл жағдайда ол эмиссиялық төлемдерден босатылады. Ал озық технологияға ауыспаса шығарындылар үшін төлемдер көлемі жоғарылайды.

Дмитрий Калмыков, эколог:

- Біз Ресей, Бельгия, Чехия, Германия сияқты ұқсас кәсіпорындардың қызметтерін қарастырамыз. Тазарту құрылғылары бірдей, бірақ нәтижесі басқаша. Оларда экология бізге қарағанда жақсы. Біріншіден, қоғамдық бақылау болуы керек. Өкініштісі, бізде ақпарат қолжетімді емес.

Сондай-ақ...