Денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызметтерде инвестиция көлемі артты

2021 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздің денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызметтерге 24,5 млрд теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50,6% артық, деп хабарлады finprom.kz.

Былтыр дәл осы кезеңде саладағы инвестициялар көлемі бір жылда 0,4% ғана өсіп, 16,2 млрд теңгені құрады.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, инвестицияның ең көп көлемі Алматыда тіркелді: 9,9 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,6% көп. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласы (2,7 млрд теңге) және Алматы облысы (2,2 млрд теңге). Инвестицияның ең аз көлемі Атырау облысында байқалды: 100,4 млн теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 86,4% аз.

Биыл инвестицияның қысқаруы алты облыста тіркелді: Маңғыстау облысында (бір жылда 85,6% азайып, 442,8 млн теңге) және Ақтөбе облысында (78,6% азайып, 220,9 млн теңге) аса байқалады.