429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте суррогаттық алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

  • 96
  • UPD: 10:31, 21.04.2021
Шымкентте суррогаттық алкоголь өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталды

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Шымкент қаласының аумағында орналасқан арақ өнімдерін шығаратын жасырын цех анықталған.

Оқиға орнын қарау барысында 7 мыңнан астам арақ өнімі және 12,9 тонна құрамында спирт бар сұйықтық анықталып, алынған.

Жүргізілген бірнеше сараптамалардың қорытындыларына сәйкес тәркіленген арақ-шарап суррогаттық өнім, ал есепке алу-бақылау маркалары жалған екендігі анықталды. Одан келтірілген залал 4 млн теңгені құраған, залал күдіктіден толық өндірілді.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес тәркіленген сұйықтық 96% этил спирті екендігі, мемлекеттік стандарттарға талаптарға сәйкес келетіндігі көрсетілген. 1 литр этил спиртінің орташа бағасы 1 400 теңге болып есептелген, яғни тәркіленген этил спиртінің жалпы бағасы 18 млн теңгені құрайды. 

Нәтижесінде тәркіленген спирт өнімін мемлекетке кіріске алу туралы шешім қабылданған, ал суррогаттық алкоголь өнімі жойылды.

Ақпарат көзі: Шымкент қаласы бойынша ЭТД

Хабар 24 телеарнасы