429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын жазып беру бұғатталады

  • 76
Елімізде алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын жазып беру бұғатталады Алау

Этил спирті, алкоголь өнімі мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының күші жойылып, орнына тауарларға ілеспе жүкқұжаттары енгізілген. Бұл жөнінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұдан бұрын алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерінің айналымы жасалған кезде алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттар ресімделгенін хабарлайды.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бір мезгілде тауарларға ілеспе жүкқұжатты енгізе отырып, этил спирті мен алкоголь өнімі мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидаларының күші жойылды.

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 9-бабының 5-тармағына, «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжатсыз айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады», – деп ескертті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Осыған байланысты, 2021 жылғы 21 сәуірде сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін алкоголь мен темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарын жазып беруді бұғаттайтын жаңартуды орнату жоспарлануда.

«Осылайша, кәсіпкерлік субъектілері алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерінің айналымын жасаған кезде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) ресімдеуі қажет», – деп хабарлады МКК баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы