Қарағанды облысындағы әскери ұшақ апатының алдын ала себебі анықталды

Қарағанды облысындағы Су-30 СМ ұшағының сәтті қонуына құстар кедергі болған.

Апаттың себебін анықтап жатқан арнайы комиссия әзірге осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе көлігін басқарған ұшқыштар жердегі тұрғындарға қауіп төндірмеу үшін барын салды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық, 16 сәуір күні Қарағанды облысында әскери ұшақ құлаған болатын. Экипаж мүшелері катапульт жүйесін пайдаланып, аман қалған еді. Төтенше жағдай кешкі оқу-жаттығу жұмыстары кезінде болған. СУ-30 СМ әскери ұшағы Балқаш қаласының маңындағы әскери авиациялық орынға қонуға беттеген кезде отқа оранған.