Төрт жыл бұрын салынған «Ақтау-Жетібай-Шетпе» тас жолы үгітіліп жатыр

«Ақтау-Жетібай-Шетпе» бағытындағы тас жол бүлінді деп дабыл қаққандар бар.

Оған жол бойындағы 20-ға тарта карьерден жүк таситын көлік қозғалысы әсер етті деген де пікір айтылады. Қазір арна тілшісі Талғат Исламұлы бізбен тікелей байланыста.

Диктор:

- Талғат, қайырлы күн. Шетпенің шерінде негіз бар ма? «Ақтау-Жетібай-Шетпе» тас жолы соңғы 3-4 жылдың көлемінде толық жаңғыртылған еді,сонда тағы тозып кетті ме?

Талғат Исламұлы, тілші:

- Қайырлы күн, Әнуарбек. Ия, айтуыңыз орынды. Бұл бағыттағы көлік жолын қалпына келтіру жұмыстары 2014 жылдың жазында басталды. 2017 жылы аяқталды. Жалпы ұзындығы 170 шақырымға жуық аумақ бастан-аяқ жөнделді. Жетібай мен Ақтаудың арасындағы трасса бірінші санатты, яғни төрт жолақты болып өзгерді.

Халықтың бұл қуанышы бүгінде күн санап сейіле бастағандай. Өйткені Шетпенің іргесінде тұрған карьерлерден күніне 20-30, тіптен одан да көп жүк көлігі тас тиеп шығып, тура осы жолға түседі. Көліктік бақылау инспекция тоқтатып, машина салмағын таразыда өлшесе, бірнеше есе артық болып шығады. Ірі мөлшерде айыппұл салып, автотұраққа қамаса да, мұндай жүгенсіздік тыйылар емес.

Талғат Исламұлы, тілші:

- Құзырлы органдар тас карьерлерде жоспардан тексеруді бастайды деп сенеміз. Мамандардың айтуынша, әдетте жүк көлігінің өзіндік салмағы 10-11 тонна болады. Мұндай машинада үш білік бар десек, заң бойынша бір білікке түсетін салмақ 8 тонна болуы шарт. Сонда бір көлік шамамен 25 тоннаға дейін жүк тией алады деген сөз. Ал одан 5 тоннаға дейін асып кетсе, 40, 5-10 тонна аралығында болса 80, 10 тоннаға жетсе, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Алайда, мұндай шаралар мәселені түбегейлі шешетін емес. Бүгіннен бастап қолға алынбаса, кезінде 36 млрд теңгеге салынған «Ақтау-Жетібай-Шетпе» жолы үгітіліп, жел ұшырып әкетуі әбден мүмкін

Сондай-ақ...