Талғар аудандық сотында жерді заңсыз сатқан шенділерге қатысты сот өтіп жатыр

Дәл қазір Алматы облысы Талғар аудандық сотында жерді заңсыз сатқан шенділерге қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қылмыстық іс 2019 жылы «Бэк Эйр» жолаушылар ұшағы әуежай маңында апатқа ұшыраған соң басталды. Тергеу барысында әуежай жанындағы жерлердің заңсыз сатылып, пайдалану мақсаты өзгертілгені анықталды. Бүгін айыптаушылар мен айыпталушы тарап соңғы сөздерін айтып, бір жыл қаралған сот мәреге бір табан жақындайды. Сотталушылар ауданның бұрынғы шенділері. Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, алаяқтық және өзгенің сеніп тапсырған мүлкіне қол сұқты, өз ісіне салғырт қарады деп айыпталып отыр. Сот туралы толық ақпаратты алдағы сағатта айтамыз.