АҚШ Елшісі: Санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз

«Ресейге қарсы қабылданған санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз».

Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Уильям Мозер журналистермен өткен виртуалды дөңгелек үстел барысында мәлімдеді. Сондай-ақ америкалық елші онлайн-брифингте қазақстандықтар үшін визасыз режим бойынша әзірге ешқандай келіссөздердің жүргізілмей жатқанын жеткізді.

Уильям Мозер, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Ресейге қарсы қабылданған санкциялар бойынша Қазақстанға қатысты айтарым, бұл санкциялар Қазақстанға кері әсер етпеуі үшін бұрын да жұмыс істеп келгенбіз, әрі қарай да бұл істі жалғастыра бермекпіз. Сондай-ақ Қазақстанға арналған визасыз режим бойынша әзірге ешқандай келіссөздер жүріп жатқан жоқ. Бұл мәселелер әлі талқыланады. Бірақ әзірге олар басымдыққа ие емес, себебі қазір бұдан да өзекті мәселелер бар. Алайда бұл біз визасыз режим жариялау бағытында жұмыс істеп жатқан жоқпыз дегенді білдірмейді.

***

АҚШ Елшісі: Қазақ тілін үйрететін кітаптар жетіспейді

Айта кетейік, Мозер мырза қазақ тілін үйренуге деген құлшынысымен ерекшеленіп жүрген елші. Ол осы онлайн-брифингте біздің телеарнаның тілшісі Ернат Мелсұлы былтыр сыйға тартқан әдістемелік кітап бойынша қазақ тілін үйреніп жүргенін мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ елшісі Қазақстанда қазақ тілін шетелдіктерге үйрететін кітаптардың тапшы екенін жеткізді.

Сондай-ақ...