Депутаттар: Техникалық қызметкерлердің жалақысын өсіру қажет

Техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру керек. Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Үкіметке осындай сауал жолдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, қазір санитарлар, ассистенттер, еден жуушылар, жедел жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері, мұражай, өнер, кітапхана, мұрағат саласындағы қызметкерлер айына 70-75 мың теңге жалақы алады. Ал, мектеп пен балабақшада істейтін техникалық қызметкерлерінің еңбекақысы 50 мың теңгеден аспайды. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш артқан жоқ. Инфляцияның кесірінен бұл азаматтардың тұрғын үй ипотекасын алуға мүмкіндігі болмай тұр. Осыны ескеріп, депутат Раманқұлов техникалық қызметкерлерге қатысты әділдік танытуды сұрады.

Сондай-ақ...