Алматы облысында қар жауып жатыр

Облыс орталығы Талдықорғанды,қазірдің өзінде қар басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түнде термометр бағаны минус 4 градусқа дейін төмендеді.

Ауа райын болжаушылардың айтуынша, мұның артынан тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. «Сондай ақ бұл құбылысқа Скандинав аралынан келген антициклон әсер еткен», - дейді. Ауа райының күрт өзгеріп, күн салқындайтынын мамандар 19 сәуір күні хабарлаған.

Айгерім Айтоған, инженер-синоптик:

- Осы антициклон жаңбырдың қарға айналуына алып келді. Осындай ауа райы жұма күніне дейін сақталады. Минус 3 градусқа дейін облыстың солтүстігінде болады. Жұма күнінен ары қарай температураның жоғары көтерілуі басталады.