Қызылорда «қызыл аймаққа» енді

Бүгін «қызыл» аймаққа енген Қызылорда облысында соңғы тәулікте 47 адамнан COVID-19 анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жартысы қалада, қалғандары Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында тіркелген. Жалпы пандемия басталғалы өңірде бес мыңға жуық адам індет жұқтырып, 85%-і аурудан айығып шықты. Қазіргі таңда аймақтың медициналық мекемелерінде үш жүздей науқас ем қабылдауда. Олардың 35-і жансақтау бөлімінде жатыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты жаңа шектеулер әзір енгізілген жоқ. Облыс тұрғындарын жаппай вакциналау жалғасып жатыр. Шамамен 21 мыңдай қызылордадық екпе салдырып үлгерді. Өңір «Спутник V» вакцинасының ірі партиясын күтіп отыр.