Депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнет жасын төмендетуді сұрады

Депутаттар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың зейнет жасын төмендетуді сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Халық» партиясының өкілі Ерлан Смайловтың пікірінше, мүгедектік бойынша төленетін жәрдемақы көлемі аз болғандықтан, сапалы өмір сүруге жеткіліксіз. Егер олар ертерек зейнетке шықса, қолға алатын ақшасы айтарлықтай көбейеді.

Айта кетейік, қазір елде 600 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Олардың тек 85 мыңы ғана жұмыс істеп жатыр. Ал, зейнет жасына жақындап қалғандардың саны тіпті 3 мыңға да жетпейді. Сондай-ақ депутат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әзірлеген баяндамада саладағы заңнаманы әзірлеуге мүмкіндігі шектеулі адамдардың өздерін де тарту керектігі жазылғанын ескертті.