Елордада шығармашылыққа арналған алаңы бар саябақ пайда болады

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында Герцен мен Оқжетпес көшелерінің қиылысында жаңа қоғамдық орын пайда болады.

Урбанистика орталығының мәліметінше, сквердің жалпы аумағы 0,54 гектарды құрайды.

Онда мынадай орындар болады:

– балалар шығармашылығына арналған тақтасы бар сахна;

– тыныш демалуға арналған аумақ;

– балалар алаңы мен спорт алаңдары;

– скейт алаңы.

Жоба биыл жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі: krisha.kz