ПИК 2022 жылдың 1 шілдесінде қызметін тоқтатады

Пәтер иелері кооперативі сот тәртібімен мәжбүрлеп таратылуы мүмкін.

Егер кооперативтердің өкілдері мүлік иелері бірлестігін құруға кедергі келтіріп қарсы болса және қаржылық, атқарушы құжаттарды беруден бас тартса, тұрғын үй инспекциясы мұндай шараларға баруға мәжбүр болады. Ол тұрғындарға мүлік иелерінің бірлестігі туралы басқарудың жаңа түріне көшу туралы шешім қабылдауы керек екенін атап өтті. Бүгінде елімізде мұндай бірлестіктердің яғни басқару әкімшіліктерің 2,5 мыңнан астамы құрылған. Ал қазіргі пәтер иелерінің кооперативтері келесі жылдың 1 шілдесіне дейін өз жұмысын жалғастыратын болады.

Айта кетейік, басқарудың жаңа түрін құру тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар аясында көмек алуға мүмкіндік береді.

Нұрбек Серіков, «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестікке Біріккен пәтер иелері тұрғын үй инфрақұрылымына жеңілдетілген шарттармен «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы күрделі жөндеу өткізе алады. Жедел сатыны ауыстыруға да осындай жеңілдік бар. Сондай-ақ әкімдік басқарудың жаңа түріне көшпеген тұрғын үйдің қасбеті мен шатырын бірыңғай сәулеттік келбетке келтіру үшін қаржы бөле алмайды. Мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестікте осындай артықшылықтар бар. Сондықтан пәтер иелері бәрі бір осы басқару формасының бірін таңдауы керек.

Сондай-ақ...