COVID-19: елордадағы жансақтау бөлімдерінде 104 адам жатыр

Елордадағы реанимациялар 53 процентке толық.

Ел астанасында эпидахуал ушығып тұр. Қазір қаладағы ауруханаларда 1 мың 255 науқас жатыр. Оның 104-і жансақтау бөлімінде. Бұл – коронавирус жұқтырғандарға арналған реанимациялардың жартысынан астамы. Өкпені жасанды желдету аппаратына 24 адам қосылған. Ауруханаға жатқызылғандардың басым бөлігі – егде адамдар. Осыған байланысты жаппай вакциналауға басымдық берілді. Қазір шаһарда екпе пункттерінің саны үш есе артып, 100-ге дейін жетті және олардың жұмыс уақыты ұзартылды.