Қазақстандық вакцинаға қатысты келіссөз әлі жүріп жатыр

Өйткені түркиялық компаниямен толық келісім жоқ.

Тараптар әлі күнге дейін бір тоқтамға келмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мұны жасырмады. Айтуынша, түркиялық «Атабай» компаниясымен келіссөз әлі де жалғасып жатыр. Қандай мәмілеге келерін ешкім нақты айта алмайды. Анығы – биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ғылыми-зерттеу институты осы айдың соңына дейін QazVac-тың 50 мың дозасын шығарып береді. Әрі қарай екпені Түркияда құю жоспарланған.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департамент басшысы:

– Қазір түрік компаниясымен 100 пайыздық келісім жоқ. Тараптар әлі бір тоқтамға келмеді. Субстанцияны қалай жеткіземіз, олар қандай көлемде шығарып береді, мұның барлығын әзірге айта алмаймыз. Өйткені, келіссөз әлі де жалғасып жатыр.

Сондай-ақ...