Қостанай облысында вакцина таусылды

Емханалар мен ірі сауда орталығындағы бекеттерде ресейлік Спутник-V дозалары бітіп қалған.

Себебі індетке қарсы екпе қабылдауды көздейтіндер көбейіп жатыр. Өңірде иммундау кезеңі басталғалы отыз мыңдай адам вакцина салдырған. Екпенің кезекті легі осы апта аяғында жеткізілуі тиіс дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Еркін Қоңырша, қала тұрғыны:

– Вакцинаны осыдан екі апта бұрын салдыртқым келген. Бірақ уақыт болмады. Енді бүгін жұмыстан қолым босап емханаға барсам, вакцина таусылып қалды деді.

Анжела Бексұлтанова, денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Вакцинаның бірінші компоненті таусылды. Нұр-Сұлтан қаласына тапсырыс жолданды. Ертең 5 мың доза жеткізіледі. Сәуірдің 25-26-сы күндері 21 мың, ал 28 сәуірде 6 мың доза күтіп отырмыз.