22 сәуірде Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүргізілді

Алматы қаласында 21 сәуірде сағат 13:00-ден бастап 22 сәуірге дейін қар жауды.

Таулы және тау бөктеріндегі аймақтарға қардың қалыңдығы – 10-12 см, ал қалада 6-8 см болды.

Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, 21 сәуірде сағат 22:00-ден бастап көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары жүргізілді. 243 тонна арнайы материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жалғасуда.

Қар тазалау жұмысына 395 техника бірлігі, оның ішінде 136 құмлақтырғыш пен 965 жол жұмысшысы жұмылдырылған.

Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын 22 сәуірде түске дейін болады деп күтілуде.