Алматы ақ ұлпаға бөленді

Алматыда кеше түсте, қас-қағым сәтте төңірек ақ көрпеге оранды. Кей жерлерде оның қалыңдығы 12 сантиметрге жеткен.

Табиғаттың тосын мінезіне мұндағы жұрт таңырқай қарағаны рас. Кейбірі бұл көріністі суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жарыса жариялады. Ал қазақта наурыз айының соңы мен сәуірде болатын осы құбылысты «құс қанаты» деп атаған. Төпелеп жауған қар коммуналшылардың қолына қайта күрек ұстатты. Кешелі бері қар тазалау жұмыстарына 395 техника мен 900-ден аса маман жұмылдырылған. Ал синоптиктердің мәліметіне қарағанда ақ ұлпаның бүгін де жауатын сыңайы бар.