Тағы бір өңір «сары аймаққа» өтті

22 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

«Сары аймақта»: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары.

«Жасыл аймақта»: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.