425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Халық қалаулылары Үкіметке ескерту жасады

  • 340
  • UPD: 13:32, 22.04.2021

Биыл ел қазынасы 12 жарым триллион теңге түсуі тиіс. Мәжіліс депутаттарына нақтыланған үш жылдық бюджеттің жобасын таныстырған Қаржы министрлігі осылай деп болжап отыр. Осылайша бюджетке түсетін кіріс бұған дейінгі болжамнан 1 триллионға артық. Шенеуніктер экономиканың барлық саласы бойынша өсім болады деп күтіп отыр.  Дегенмен, бұдан халықтың табысы өспей тұр, деп халық қалаулары Үкіметке ескерту жасады. 

Мұнайдың әлемдік бағасының өсуімен қатар Қазақстанның табысы да артады. Бұған еліміздің Қаржы министрі сенімді. Ол депутаттарға бюджетке қосылған және алынып тасталған әр теңге туралы баяндады. Ведмоство басшысы мемлекеттік қазына міндетті түрде қосымша триллионмен толтырылады деді. Ал тапшылық керісінше жалпы ішкі өнімінің деңгейіне дейін 3,5% төмендейтін көрінеді. Алайда мәжілісмендер министрдің бұл ойын құптаған жоқ. «Ақжолдық» Азат Перуашевтың сөзіне қарағанда, егер тереңірек үңілсек, мұнайдан түсетін кірістер тапшылығы 10%-тен жоғары. Тіпті сыртқы қарыздар туралы  сөз қозғаудың қажеті шамалы деді депутат.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Егер Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткенде Ресейдегідей 9 емес, 4% немесе 5% бізге төлем үшін онша көп ақша қажет болмас еді. Енді міне менің келесі сауалым мынадай. Мынау пайыздық мөлшерлеме Ұлттық банктың базалық мөлшерлемесінен пайда бола ма?

Жандос Шаймарданов, ҚР Ұлттық банкі ақша-несие саясаты департаментінің директоры:

- Өздеріңіз білетіндей, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі ағымдағы деңгей мен болжанған инфляция деңгейі негізінде құрылады. Өткен жылы ол 2019 жылғы желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда 5,4%-тен 7,5%-ке дейін өсті. Қазіргі уақытта базалық ставканы төмендету мүмкіндігі жоқ.

Арзан несиелер мен депозиттер де тозады. Бұл елден ақшаның кетуіне әкеледі, дейді Ұлттық банк. Депутаттар инфляцияның болжамды 4-6%  көрсеткіштеріне күмән келтірді. Тоқсан қазірдің өзінде шамамен 7% аяқталып отыр. Парламентаралық кеңесте бұл сандар шындықтан алыс екендігі де айтылды.

Қуат Күнболатов, ЖСДП президиум мүшесі:

- Инфляцияның 7% қатысты. Бұл көрсеткіш қайдан шыққан және сіз  7% инфляцияға өзіңіз сенесіз бе? 

- Я прошу переадресовать это Нацбанку, за инфляцию Нацбанк отвечает.

Жандос Шаймарданов, ҚР Ұлттық банкі ақша-несие саясаты департаментінің директоры:

- Бұл шараларды Статистика агенттігіне қарасты Стратегия жөніндегі жоспарлау және реформалар  ұлттық  бюросы қабылдаған. 

Депутаттар қойған сұрақтарына кең көлемді және нақты жауап ала алмады. Қаржы министрлігі қазақстандықтардың табысы қалай өседі деген сауалға да тұшымды жауап берген жоқ. Жиында депутат Айқын Қоңыров ақшаны қайда үнемдеуге болатындығын айтты.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Үкімет және мемлекет органдарға қаражатты аналитика, әлеуметтану, кеңес беру, имидж және PR-дан үнемдеуге болады . Бұған бөлінген қаржы да ашық көрсетілмейді. Өйткені біз оны құжаттардан таба алмадық. Негізі біз бұл тақырып бойынша депутаттық сауал дайындап жатырмыз, өйткені адамдар наразы.

Әдемі статистикамен халық қалауларын таң қалдыра алмайсың. Себебі әртиын депутаттар үшін маңызды. 

Ануар Керембаев, «Адал» партиясының хатшысы:

- Партияаралық кеңес шеңберіне Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісіне кірмеген партиялар да қатысуға құқылы. Парламент депутаттары деңгейіндегі топтар және біз осы мүмкіндік үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Біздің сарапшылар тобы бюджетті егжей-тегжейлі қарайтын болады.

Төлеутай Рахымбеков, «АУЫЛ» ХДПП Төрағасының бірінші орынбасары:

- Менің ойымша, партияаралық кеңес жақсы өтті. Бұл оның қажеттілігін дәлелдеді, мысалы, мен өзім Мәжіліске ұсынылмаған Ауыл партиясының өкілі ретінде заң жобалары бойынша барлық жұмыс топтарына қатысамын.

Апта соңында елдің негізгі қаржылық құжатының әр тармағы бірінші жұмыс отырысында қаралмақ. 

Автор: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы