427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада вакцинациялау пункттері ашылған СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді

  • 108
  • UPD: 14:57, 22.04.2021
Елордада вакцинациялау пункттері ашылған СОО-лар сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді astana.gov.kz

Елордадағы вакцинациялайтын 100 кабинетте жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде егу пункттері Mega Silk Way және «Хан Шатыр» СОО-ларында ашылған болатын.

Енді осындай пункттер «Керуен» СОО мен «Абу-Даби Плаза» кешенінде ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

СОО-да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бәрі медициналық ұйымдарындай сақталатын болады.

Халықтың көп ағынын ескере отырып, әрбір компонент үшін қосымша жеке орындар көзделетін болады.

Бүгінгі күні жоғарыда аталған сауда-ойын-сауық орталықтарынан басқа «Мечта» сауда желісінен, «Солтүстік» СҮ, «Нұрбереке 555» ЖШС жаппай вакцинация жүргізу үшін егу пункттерін ашу талаптарын түсіндіру жөнінде өтініш жолдады.

Халықты вакцинациялаумен барынша қамтуға қол жеткізу мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 12.04.21 ж. қаулысының талаптарына сәйкес егу пункттерінің жұмысы үшін тиісті жағдай жасалған объектілердің сағат 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Хабар 24 телеарнасы