QazVac вакцинасы өңірлердегі арнайы хабтарға жеткізіледі

Жамбыл облысынан QazVac вакцинасының алғашқы партиясы еліміздің аймақтарына жөнелтілді. Бұл шараға вице-премьер Ералы Тоғжанов қатысты. 

Сонымен вакциналар қай өңірге жіберілді?

Руслан Бақытбекұлы  тілші:

- Ия, Жамбылда шығарылған екпелер Нұр-Сұлтан, Алматы,  Шымкент,  Ақтөбе сияқты үлкен қалаларға жөнелтілді. Вакцина арнайы хабтарға жеткізіледі. Қазір 50 мың дозасы 4 жүк көлігімен аттанып кетті. Әрі қарай аймақтарға жіберіледі. Енді қазақстандықтардың таңдау жасауға мүмкіндіктері бар. Шетелдік немесе отандық өнім бе оны халықтың өзі таңдайды.

Тарихи сәтке куә болған Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалғанын жеткізді.  Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасаушы мемлекеттердің ішінде 5 елдің қатарына еніп отыр. Қазір зауыттың құрылысы 95 процентке аяқталған. Технологиялық құрал-жабдықтар шетелдің үздік деген 7 мемлекеттен жеткізілген. Жоспар бойынша зауыт қабырғасында вакцина құюдың алғашқы кезеңі күз айларында жүзеге асады.