Әлеуметтік жобалардың бірыңғай базасы құрылуы мүмкін

Елде жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобалар туралы ақпарат жинақталған біріңғай база жоқ. Осының кесірінен кәсіпкерлер көмекті кімге және қалай көрсету керектігін білмей жатады.

Бұл туралы бүгін елордада алғаш рет ұйымдастырылған Әлеуметтік жобалар форумында айтылды. Сондай-ақ іс-шарада экологиялық мәселелер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету жолдары талқыланды. Жиынға мемлекет, бизнес және коммерциялық емес ұйым өкілдері қатысып, экономика, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, білім беруді дамыту үшін ынтымақтастықты арттыру жолдары айтылды. Адам құқықтарын дамыту мәселесі көтерілді.

Алмаз Ержан, «Атамекен» ҰКП Төрағасының кеңесшісі:

- Мүмкіндігі шектеулі азаматтар парламентте, үкімет үйінде жоқ. Осыған дейін шығып жатқан заңдардың өзі елімізге кейбір кезде жетпейтін мәселе. Мысалы, бізде халықаралақ конвенция бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың. Сол конвенцияда «Бізсіз ештеңе» деген лозунг бар. Сондықтан осы лозунгқа сүйене отырып, біздің азаматтарымызщ өздерінің құқығын қорғау керек. Билікте отырып, сол заң бізде жұмыс істемей отыр.

Сондай-ақ...