Талғат Мұсабаев: Азаматтық авиация саласын реттеу қажет

Азаматтық авиация саласын реттеу қажет. Бұл туралы бүгін сенатор Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндағы мәселелерді Азаматтық авиация комитеті шешкені дұрыс. Алайда, қазір бұл міндетті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» компаниясы атқарып отыр. Сенатордың пікірінше, жекеменшіктегі ұйым тек сертификаттаумен айналысқаны жөн. «Немесе оған мемлекеттік орган мәртебесін беру керек», - деді Талғат Мұсабаев.

Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Мәселенің шешімін заң негізінде табу керек. Азаматтық авиациядағы қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды Азаматтық авиация комитетіне қайтару қажет деп санаймыз. Ал «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» компаниясы құрылғандықтан, оған тек сертификаттау жөніндегі функцияларды қалдырған дұрыс. Сондай-ақ оған мемлекеттік орган мәртебесін беріп, мемлекеттік міндеттерді орындауды жүктеу қажет.