Бурабайда ағаштарға медициналық маска байлап кететіндер көбейді

Бурабайдың керемет табиғатына зиян келтіретіндер де көп.

Мәселен, ағаштарға шүберек байлайтын рәсім бұрыннан бар. Енді қарағайларға медициналық бетперде байлап кететіндер шықты. Орманшылар олармен күресіп әлек. Мұндай көрініс курортты аймақта соңғы кезде жиілеп кеткен. «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің мамандары арнайы барып, жинап алады. Табиғатты қорғаушылар осындай әрекетімен әшкереленген адамға 6 мың теңгеге жуық айыппұл салынатынын айтады. Бұтақтарды байлап кету ағаштардың дұрыс өсуі үшін өте зиянды көрінеді.