Өскемендегі пәтер иелері кооперативтері кеңсесіз қалды

Өйткені қала әкімдігі олар жалға алып отырған пәтерлерді баспана кезегінде тұрған отбасыларға бермек.

Талай жылдан бері көпқабатты үйлердің бір бұрышын пайдаланып келген кооперативтердің басқа жаққа көшкісі жоқ. Өйткені басқа нысандардан кеңсе жалдауға қаржы жоқ екенін айтып отыр.

Өскемендік кәсіпкерлер соңғы бірнеше жылда көпқабатты үйлердің жертөлесін кеңсе ретінде пайдалана бастады. Себебі басқа нысандарды жалға алу әлдеқайда арзан. Екінші жағынан жеке пәтер иелері кооперативіне де пайда. Енді сол жертөлеге кооператив жетекшілері де көшуге мәжбүр болды. Алайда жертөледегі кеңседе техникалық қиындық қиындықтар бар.

Алтай Аяғанов, жеке пәтер иелері кооперативінің басқарушысы:

- Бұл жерде ұялы байланыстың сигналы дұрыс ұстамайды. Интернет те әлсіз. Ал пәтер иелерінің көбі бізге сол интерент арқылы төлейді. Бұл орынның желдеткіш жүйесі де жоқ. Сыз тартып тұр. Жағымсыз иістен адамның құсқысы келеді.

Жалпы Өскеменде барлығы 130 пәтер иелері кооперативі бар.25 кооператив бұған дейін өздеріне берілген кеңсе ретінде берілген пәтерлерді жекешелендірмеген. Яғни қала әкімдігінің иелігінде болған. Енді әкімдіктен сол пәтрлерді босату жөніде хат та алған.

Гүлнәр Әбішова, қалалық пәтер иелері кооперативтері қауымдастығының атқарушы директоры:

– Көбінде тіпті жертөлеге баратын жер жоқ. Ескі үйлерде жертөле бар, ал жаңаларда техникалық жертөле. Ол өте аласа, биіктігі 1-1,5 метр. Не істейсіңдер, қалай істейсіңдер деп бізден бір адам сұраған жоқ. Хабарлама берді де, шыға беріңдер болды деді.

Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі биылдан бастап 25 кооперативпен келісімшартты бұзған. Көп ұзамай тұрғын үйлерді басқару тәсілі өзгереді. Пәтер иелері коопеативі қалмауы мүмкін. Сондықтан босаған пәтрелерді үй кезегінде тұрған отбасыларға беру туралы шешім қабылдаған.

Досым Қалдыбаев, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

– Бүгінгі күнге дейін хабарлама берілсе де, ол кісілер де 2-3 ай уақыт болды. Бірақ бұл кісілер босатпай отыр. Сол себепті заңға сәйкес сотпен мәжбүрлі түрде шығарылады.

Қазір пәтер иелері кооперативінің басшылары басқа ғимарат іздеп жүр. Бірінші қабатта бір бөлмелі пәтері бар отбасылар кооперативке жалға бергісі келмейді. Ал басқа нысандардан кеңсе жалдауға қаражат тапшы. Сондықтан кооперативтерге көпқабатты үйлердің жертөлесін паналаудан басқа амал жоқ.

Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин