427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бидай экспорты бір жылда 27% артты

  • 95
  • UPD: 09:49, 23.04.2021
Бидай экспорты бір жылда 27% артты

Биылғы қаңтар-ақпан айларында елдегі компаниялар 764,4 мың тонна бидай мен меслин экспорттады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,4% артық.

Ақшалай мәнде экспорт 175,5 млн АҚШ долларына жетіп, бір жыл ішінде 39,3% өсті, деп хабарлады energyprom.kz.

Экспорттың басым бөлігі ТМД елдеріне жіберілді: 557,7 мың тонна. Мұнда Өзбекстан қазақстандық бидайдың негізгі импортері болып отыр: Қазақстанның ТМД елдеріне шығаратын экспортының 71,5%-і. Екі айда Өзбекстан 398,6 мың тонна бидайды 84,5 млн АҚШ долларына импорттады.

Қазақстан ТМД-дан тыс әлем елдеріне 206,7 мың тонна бидай жеткізді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,5% артық. Негізгі импорттаушылар – Ауғанстан, Қытай, Иран.

2021 жылдың ақпан айының соңында бидайдың экспорттық бағасы бір жылда 21,1%, бір айда 0,6% өсті. ТМД елдері үшін баға жылдық динамикада 19,3%, басқа әлем елдері үшін – 24,1% қымбаттады.

Хабар 24 телеарнасы