429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекеттік уақыт пен жиілік эталоны ең нақты уақытты көрсететін сайт ашты

  • 102
  • UPD: 10:53, 23.04.2021

Мемлекеттік уақыт пен жиілік эталоны Рамазан айына арнап, еліміз бойынша ең нақты уақытты көрсететін сайт ашты.

Оның көмегімен ауызашар мен сәресінің дәл уақытын білуге болады. Мемлекеттік эталондар зертханасы қалай жұмыс істейді. Нақты уақыт қайдан шығады?

Уақыт сақшысы. Бұл тіркесті тек кинодан көріп, көгілдір экраннан естіген боларсыз. Ал біз уақыт сақшысы болып жұмыс істейтін адамды таптық. Бұл Гүлсім Назимова. Ол мемлекеттік уақыт пен жиілік эталонына жауапты адам. Бұл тұтас ел аумағындағы уақытты реттейтін жер.

Гүлсім Низамова, «Қазстандарт» РМК жетекші маманы:

– Мен кешіккенді ұнатпаймын және мен үшін уақыт өте құнды ресурс. Өзгенің де өзімнің де уақытымды қатты бағалаймын. Әр адам осылай ойласа, өте жақсы болар еді.

Зертханда уақыт басқаша жүреді. Көз үйренген циферблат пен электронды сағат мұнда жоқ. Тек қаздай тізілген арнайы қондырғылар. Яғни, уақыт стандарты. Бұл сутегі және цезий атомдарынан құралған құрылғылар кешені. Олар спутниктермен байланыста жұмыс істейді. Уақыт бірлігі әрбір секундына дейін осы жерде сақталады. Сіз бен біз санап жүрген нақты уақыт осы жерден шығады.

Ардақ Шамбетова, мемлекеттік эталондар департаменті басшысының орынбасары:

– Мемлекеттік эталон нәтижелері салыстырулар арқылы Париж қаласындағы салмақтар және өлшеу бюросына беріліп, сондай салыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік уақыт пен жиілік эталоны 2006 жылы құрылды. 2007 жылы пайдалануға берілді. Отандық эталондар зертханасы әлемнің 60 үздік зертханасының қатарына кіреді. Олар уақытты үнемі тексеріп, салыстырып, өзара тығыз байланыста қызмет етеді. Егер белгілі бір мемлекеттің сағаты сәлде болса ауытқып кетсе, жүйе автоматты түрде уақытты қайта реттейді.

Станислав Каримов, «Казстандарт» РМК мемлекеттік эталондар департаментінің басшысы:

– Мұнда уақыт эталоны нөлден кейін 13 сан дәлдікпен жасалады. Яғни дәлдікті жоғалтпай пен нақты уақытты беру үшін бір секунд 13-ке бөлінеді.

Теміржол, әуе қатынасы, аэроғарыш саласы зертхана белгілеген уақыт бірлігімен жұмыс істейті. Көптеген мемлекеттік мекемелердің жұмысы да уақыт эталонымен тығыз байланысты. Ал биыл орталық Рамазан айына арнап сайт жасаған. Портал Қазақстандағы ең дәл уақытты көрсетеді.

Ғазиза Мұхамеджанова, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы