Алматыда 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ ұсталды

Алматыда 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ ұсталды

ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жылдары оған бағынышты 7 компания арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді.

Іс фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімшесінің қазіргі басшысымен бірге 6 адам бар.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 28-б. 5-б., 216-б. 3-б. (нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.

Қылмыстық топ мүшелерінің мүлігі мемлекет кірісіне айналдырылды.