429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жол апатынан зардап шеккен әйел құтқарылды

  • 84
  • UPD: 12:12, 23.04.2021
Жол апатынан зардап шеккен әйел құтқарылды

22 сәуір күні Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы Нұрұлтан (Қарасай ауданы) тасжолында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан көліктің бірінде қысылған адамдар бар екені туралы хабар түсті.

Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысынан құрылған жедел топ оқиға орнына барды.

«Соқтығысқан көліктердің бірінің артқы орындығында отырған әйел адам есін біледі, алайда жарақаттанған. Оның сол қолы алдыңғы және артқы орындықтың арасына қысылып қалған. Құтқарушылар аса сақтықпен зардап шеккен адамның қолын босатып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - деп хабарлады ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы