БҚО-да коронавирусқа шалдығу деңгейі 34% артқан

Батыс Қазақстан облысы бір айдан астам уақыт бойы қызыл аймақта.

Тек 1 тәулікте тағы 181 адамнан қатерлі індет анықталды. Соңғы аптада коронавирусқа шалдығу деңгейі 34% артып отыр. Өңірде 24 мыңдай тұрғын екпенің бірінші компонентн салдырған. Таяуда тағы 20 мыңнан аса вакцина жеткізілмек. Сәуір айының басынан бері 3 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырыпты. Соған байланысты аймақта карантиндік шаралар сақталады. Мониторингтік топтар сауда нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарына 500-ден аса рейд жүргізді.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

– Санитарлық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға қатысты жалпы көлемі 6 миллион теңге болатын 105 хаттама толтырылды. Жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шектеу шараларын қабылдадық. Демалыс күндері базарлар, сауда үйлері мен орталықтар және қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтатады.