QazVac вакцинасының өндірісі қашан ұлғайтылады?

Антиденелердің қажетті деңгейі қалыптасуы үшін тек бір вакцинаның толық компонентін салдыру керек.

Себебі QazVac пен «Спутник V» – технологиясы бойынша мүлдем өзгеше екпелер. Сондықтан бір вакцинаның толық курсын аяқтамай, басқа препаратты салдырсақ, одан ешқандай пайда болмайды. Жалпы кешеден бері елде отандық екпе әзірленгені айтылып жатыр. Қазақстандық вакцина медициналық ұйымдарға жеткізіледі. Қазір денсаулық сақтау қызметкерлері нұсқаулықпен танысуда. Яғни екпені егу тәртібі түсіндіріліп жатыр.

Атап өтейік, жаз айларында «QazVac-тың» өндірісі ұлғайтылмақ.

Сондай-ақ...