Биыл пара алу бойынша қылмыстық істер саны артты

Биыл пара беру бойынша істер көбейді. Жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік осындай 779  іс тіркелді.

770 лауазымды тұлға ұсталып, 65-і қамауға алынды. 15-і үйқамақта отыр. Бұл жөнінде құзырлы агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлімдеді.

Айтуынша, осы жылы 260 тұлға сотталып, 72 адам бас бостандағынан айырылды. Баспасөз мәслихаты барысында жемқорлықты, әсіресе жергілікті атқарушы орган өкілдері көп жасайтыны белгілі болды. Оның ішінде полиция мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері бар. Бұған қоса жемқорлыққа бейім ұйымдарға кедендік қызмет пен білім беру саласы жатады.