Елордада өңешке күрделі операция жасалды

Елордадағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлері алғаш рет адам өңешіне күрделі операция жасады. Операция бес сағатқа созылды.

Қостанай облысының тұрғыны бір жылға жуық уақыт дұрыс ауқаттана алмай келді. Осы аралықта Павел Полищук 20 келі салмақ тастаған. Әдетте асқазанның бір бөлігін алып, өңешті қалпына келтіру жүргізілетін. Бірақ науқастың асқазанына бұған дейін де операция жасалғандықтан ол мүмкін болмады. Ақ халаттылар тоқ ішектен бір бөлігін алып өңешті қалпына келтіру үшін күрделі операция жасауға бел буған. Барлығы сәтті аяқталды дейді мамандар. Қазақстан бойынша төрт жылда өңешке 109 операция ғана жасалыпты. 

Әнуар Әбдікәрімов, дәрігер-хирург:

- Осындай операциялар. Қазақстан бойынша 4 жылдың ішінде 109 операция жасалды. Бұл дегеніміз жылына екі үш операция ғана болады. Операция көлемі өте үлкен деп санаймыз. Операциямыз бес сағаттай өтті. Аллаға шүкір операциямыз дұрыс өтіп, науқас қазіргі таңда өзін жақсы сезінеді. Өздігінен тамақ ішеді.