427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтау жолдарының кем-кетігін түзеуге 62 млн теңге бөлінді

  • 110
  • UPD: 08:53, 24.04.2021
Ақтау жолдарының кем-кетігін түзеуге 62 млн теңге бөлінді

Каспий жағасындағы қала жолдарының кем-кетігін түзеуге бюджеттен 62 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл былтырға қарағанда 3 есеге көп. Мемлекет қаржысы бірінші кезекте орталық көшелердің ой-шұңқырын бітеуге жұмсалады», - дейді мамандар. Тұрғындардың әлеуметтік желіге жариялаған деректің анық-қанығын алдымен мониторингтік топ барып тексереді. Бұдан кейін жөндеу басталады. Жалпы осы бағыттағы жұмыстарға 260-қа жуық жұмысшы мен 21 арнайы техника тартылмақ. Жоспар бойынша биыл 10 мың шаршы метр аумақ толық қалпына келтіріледі.

Ербол Сариев, «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысы:

- Осы жылдың аяғына бітеді деп сізге ашық та нақты айта аламыз. Қазіргі таңда 2 мың 233 шаршы метрі жаслаып тұр. Одан бөлек ойыс-қуысты 1444 шаршы жері жасалды. Соның барлығы қоса, келе қазір қалып тұрғаны 8 мың шаршы метрге жуық жұмыстар. Біз тұрған 16 шағын аудан мен 17 шағын ауданның ортасын ағымдағы жөндеуді қоссақ, 610 шаршы метрдей бар. Соны осы мамыр айының аяғы маусым айының басында бітіруге жоспарладық.

Хабар 24 телеарнасы