Алматылықтарға Арбатта серуендеуге тыйым салынды

Алматыда Арбатта дүйсенбіден бастап серуендеуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені дәл осы жерде жастар көптеп жиналып, санитарлық талаптарды мүлде сақтамайтын болған. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға бірқатар өзгерістер енгізді. Бүгіннен бастап дәл осы Арбаттағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс кестесіне де өзгерістер енеді. Яғни, «Ашық» пилоттық жобасы бойынша жұмыс күндері тек жазғы алаңдар ғана ара қашықтықты сақтай отырып таңғы 7:00 ден кешкі 22:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ал демалыс күндері тамақты үйге алып кетуге ғана рұқсат.