429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде қолдауға мұқтаж 200 отбасыға азық-түлік таратылды

  • 103
  • UPD: 15:15, 24.04.2021
Ақтөбеде қолдауға мұқтаж 200 отбасыға азық-түлік таратылды

Олардың тізімін қала билігіне көмек сұрап келушілерді есепке алған мешіт қызметкерлері берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде кәсіпкерлер мен қоғамдық кеңес мүшелері және мәслихат депутаттары көмек қолын созды. Әр жанұяға түрлі тағам мен жеміс-жидек және көкөністер салынған азық-түлік жиынтығы берілді. Имамдардың айтуынша, қасиетті Рамазан айында сауапты іс атқаруға ниеттенген азаматтардың қатары аз емес. Қолдауға зәру жандардың мекен-жайын сұрап, көмектерін ұсынуда.

Динара Сүйінова, қала тұрғыны:

- Менде үш бала бар, бір мүгедек балам бар. Жолдасым жұмысқа жарамсыз, есепте тұр. Жақсы көмек беріп жатыр. Оразалары қабыл болсын әрқашанда.

Төлеби Оспан, облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы:

- Әрине, кісіні жинап, ауызашар дастархандарын жаю биыл пандемия жағдайына байланысты мүмкін болмай отыр. Бірақ мына бүгінгі таратылған азық-түлікте сол ауызашар бергеннің сауабынан кем емес. «Бір мұсылманды қуантқан, бір мұсылманға дәм ұсынған, тамақтандырғанға Алла Тағала Жәннаттың жемістерімен сүйіншілейді», дейді.

Хабар 24 телеарнасы