429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылықтар вакцина орталықтарының қызмет көрсету сапасына шағымданды

  • 120
  • UPD: 20:14, 24.04.2021

Алматыда екпе салдырғысы келетіндер көп.

Алайда кейбір орталыққа барған халықтың қызмет көрсету сапасына көңілі толмайды. Өйткені дұрыс ақпарат ала алмайды. Сағаттап кезек күтеді.

Бұл Алматыдағы республика сарайына концерт көру үшін емес, осы жердегі вакцина орталығына келген жұрт. Ерте тұрып екпе алуға асыққандар есік аша алмай тұр. Өйткені жұмыс уақыты сағат 10:00-да басталады екен. Ал алдын ала жіберілген хабарлама бойынша вакцина орталығы таңғы 8:00-де ашылуы керек болған.

Ерлан Қожахмет, қала тұрғыны:

– Бізге айтқан, бірінші рет жасағанда біз 8-ден 5-ке дейін жұмыс істейміз келіңдер, екінші дозаны аласыңдар деп. Жай күндері 10-нан 7-ге дейін істейді, осындай демалыс күндері 8-ден 5-ке дейін істейді деп. Біз келсек, 8-де мына жерде адамдар тұр ешкім келмеді. Жабық тұр.

Бұл жерде тұрғандардың басым көпшілігі вакцинаның екінші дозасын алуға келген. Арасында қарт кісілерде бар. Күн ашық болғанымен Алматыда әлі қара суық. Ентігіп екпе алуға келген егде жастағы кісілердің ауырып қалмасына кім кепіл? Халықтың наразылығын байқаған дәрігерлер есікті ашып, жұмыстарын бастап кетті.

Мейізгүл Сайдаева, Медеу ауданының бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығының маманы:

– Бұл кішкене техникалық қауіпсіздік болған, или техникалық кішкене өзгерістер болып қалған шығар. Біз барлық жерге хабарландыруды осы әкімдік белгілеген графикті белгілеп бергенбіз. Жұмыс 8-ден жұмыс істейміз 8-ге дейін. Ал жұмыс емес күндері сағат 10-нан 5-дейін істейміз. Сондықтан кішкене түсінбеушілік болған шығар. Енді барлық халыққа қызмет көрсетіп жатырмыз.

Орталықтың жұмыс уақытын тұрғындарға дұрыс жеткізбеген біз емес. Техникалық қателік деп отыр мұндағылар. Республика сарайындағы вакцина орталығында бүгін 260 адам екпе алады. Жергілікті тұрғындар енді бүгінгідей жағдай алдағы уақытта қайталанбаса екен дейді.

Жандос Айтбайұлы, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы