429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде вакцина салғанда пайда болуы тиіс иммунитетті анықтағыш тест шығарылды

  • 128
  • UPD: 12:15, 25.04.2021

Ресейде Ковид-19-ға қарсы вакцина салдырғандарға арналған алғашқы экспресс-тест жасап шығарылды. Ол адамдарға екпе егілген соң пайда болған иммуниетті анықтауға көмектеседі. Мамандар тест «Спутник Ви» вакцинасына бейімделіп жасалағынан айтады.

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң қалыптасатын антиденені анықтайтын алғашқы экспресс-тест Сколковода шығарылды. Оны жасаушылар «Спутник Ви» екпесін салдырған соң пайдаланған тиімді екенін айтады. Тесті үйде жүргізуге болады. Нәтижесі 15 минутта дайын болады. Анықтау дәлдігі 96 процент. Тест адамда антинеденің мөлшерін емес, оның бар-жоғын көрсетеді.

Семен Покацкий, тест жасаушы компанияның коммерциялық директоры:

- Бұл тесті коронавируспен ауырып шыққан адамда антидененің қалыптасқанын немесе екпе алған соң вирусқа қарсы қорғаныш пайда болғанын анықтау үшін жүргізуге болады. Өйткені вакцина салдырған соң пайда болатын иммунитет қанша уақытқа созылатынын әлі ешкім білмейді. Яғни вакцинаны қайта салдыру қажет пе, соны анықтауға көмектеседі.

«Спутник Ви» вакцинасын жасаушылар екпе алған соң коронавирусқа қарсы қорғаныш қанша уақытқа созылатынын әлі нақты білмейді. Гамалея орталығы бастапқыда «екпе қорғанышының мерзімі 2 жыл деп бағалаған, қазір мерзімсіз болуы мүмкін» деп болжам жасап отыр. Нақты мәлімет болмағандықтан тесттің өзектілігі де артады.

Федор Куркин, дистрибьютор компанияның бас директоры:

- Бұл тест арнайы құрал-жабдықты қажет етпейтіндіктен халықтың көп бөлігін қамтуға болады. Оның үстіне арзан. Осылайша Ресейде вакциналау науқаны қалай жүріп жатқанын анықтауға болады.

Ал Ресей Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті күзге дейін емес, тамыз айына дейін қалыптастыруға ниетті. 

Авторлар: Дана Нуржан, Шахзод Гамиров

Хабар 24 телеарнасы