Коронавирустан емделіп жатқан 181 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 41 711 адам коронавирус індетінен емделіп жүр, деп хабарлады coronavirus2020.kz.

25 сәуірдегі мәлімет бойынша, 41 711 адам коронавирус инфекциясынан (41 203 КВИ+ және 508 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 827 пациент стационарда, 26 884 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 716 адамның жағдайы ауыр;

• 181 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 104 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.