ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт өзбек азаматы кері қайтарылды

ПТР анықтамасыз ұшып келген Өзбекстанның төрт азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды, деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Комитет мәліметінше, 24 сәуірде Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 33 халықаралық әуе рейсі ұшып келген. Өткен тәулікте 5 126 авиажолаушы келді.

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 078 жолаушы; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 918 жолаушы; Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 757 жолаушы; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы; Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 223 жолаушы. Сонымен қатар 24 сәуірде Ош – Алматы авиарейсімен ПТР анықтамасыз ұшып келген төрт Өзбекстан азаматы Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.