427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда оқ атып, биіктен секіріп өлген адам Ресей азаматы болып шықты

  • 131
  • UPD: 14:21, 25.04.2021
Алматыда оқ атып, биіктен секіріп өлген адам Ресей азаматы болып шықты

Полиция қызметкерлері «Бұқар жырау» тұрғын үй кешенінен оқ жаудырған ер адамға қатысты жаңа деректерді жариялады, деп хабарлады Polisia.kz.

«Тергеу барысында күдікті Ресей Федерациясының азаматы қолданған қарудың кімге тиесілі екені анықталады. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде», - деп хабарлады полициядан.

Еске сала кетейік, 24 сәуір күні Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшы мылтығынан жарақат алған болатын.

Полиция департаментінің мәліметінше, күзетшіні белгісіз ер адам арадағы жанжалдан соң аяғынан атқан. Күзетші қазір ауруханада жатыр. Полиция тұрғын үйдегі пәтерге тығылған қарулы адаммен келіссөз жүргізген. Ол келіссөзден бас тартты. Есіктен баспалдақ алаңына қарай 10-нан аса рет оқ атқан. Кейіннен күдікті 17 қабаттағы терезеден секіріп кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Полицияның мәлімдеуінше, күдіктіні ұстау операциясында атыс қаруы қолданылмаған.

Алматыда белгісіз адам көп қабатты үйдің күзетшісіне оқ атты

Хабар 24 телеарнасы