Елжан Біртанов жұмысқа орналасты

Үйқамақта отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жұмысқа тұрды.

Бұл туралы қазіргі денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Білуімізше, қазір ол коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жүр», – деді Цой.

Бұған дейін сот Біртановқа сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін үйінен шығуға рұқсат берді.

Бүгін Алексей Цой қазақстандық вакцинаны салдырды.