А.Цой: Әрбір жиырмасыншы қазақстандық коронавирусқа қарсы егілді

Яғни елде вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр деп толық сеніммен айтуға болады дейді ол.

Ведомство басшысының өзі де бүгін алғашқылардың бірі болып отандық «Qazvac» вакцинасын салдырды. Әзірге қолда отандық вакцинаның 50 мың дозасы ғана бар. Оны Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты өндірді. Отандық вакцинаның көлемін арттыру үшін түрік серіктестермен келіссөздер жасалып жатыр. Сондай-ақ Гвардейский ауылында салынып жатқан зауыттың құрылысы да аяқталып келді дейді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан – өз вакцинасын жасап шығарған әлемдегі 10 елдің бірі.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

– Әрбір өңірге вакцина бекітілген кестеге сай жеткізіледі. Вакцина тапшылығы байқалмауы тиіс. Азаматтар егілу қауіпті кеселден қорғанудың ең тиімді жолы екенін түсінді. Жалпы айтар болсақ, елде вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша әрбір жиырмасыншы қазақстандық коронавирусқа қарсы екпе алған.