Жыл соңына дейін отандық вакцинаның екі млн данасы әзірленеді

Жыл соңына дейін «QazVac» вакцинасының 2 миллион данасы әзірленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы туралы арнамызға берген сұхбатында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов айтты. Оның сөзінше «СК Фармация» компаниясымен және Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі институтпен тиісті келісімге қол қойылды. Сәуір және мамыр айларында 50 мың дозадан әзірленеді. Әрі қарай өндірушінің өндірістік қуатына қарай өндіріледі деп жоспарланған.

Айта кетейік, әзірге аймақтарға отандық екпенің 50 мың данасы жөнелтілген.

Сондай-ақ...